18 мамыр күні Шиелі аудандық Табиғат қорғау полициясы қызметкерлері мен «Охотзоопром» РМҚК өкілдерінен жасақталған рейдтік топ Шиелі ауданы аумағында күдік тудырған «ВАЗ» маркалы автокөлігін тоқтады. Көлікті тексеру барысында қапқа салынған қарақұйрықтың денесі, 16-калибрлі аңшы мылтығы заттай дәлелдеме ретінде алынды.
Осы қылмысқа қатысы бар күдікті 40 жастағы облыс орталығының тұрғыны болып шықты. Қазір осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр.