• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Тағайындау 19 Мамыр, 2020

Орталық коммуникациялар қызметіне жаңа директор тағайындалды

219 рет
көрсетілді

Руслан Әлішев Орталық коммуникациялар қызметінің директоры қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Қанатханұлы Әлішев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысының өкімімен Талғат Бегімұлы Қалиев Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры қызметінен босатылды.