• RUB:
    5.05
  • USD:
    450.79
  • EUR:
    482.21
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Мамыр, 2020

Елордада мектеп бітіру кештеріне тыйым салынды

386 рет
көрсетілді

Аттестат тапсыру оқу орындарының аулаларында өтеді. Одан кейін түлектер мектеп жылдары туралы естелік ретінде ағаш отырғызады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты хабарлады.

«2019-2020 оқу жылының қорытындысы бойынша 6 515 елордалық оқушы аттестат алады. Салтанатты рәсім 3 маусымда қаланың барлық орта оқу орындарында өтеді. Елордада карантин режимінің сақталуына байланысты аталған іс-шаралар барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, мектеп аулаларында өтеді. Оқушылар рәсімге мектеп формасымен қатысады. Аттестат тапсырғаннан кейін «түлектер аллеясында» көшет отырғызу акциясы жоспарланған. Нұр-Сұлтан қалалық білім басқармасы бітіру кештерін өткізуге қатаң тыйым салынатындығын ескертеді», – деді қалалық білім басқармасының баспасөз хатшысы Алтынай Зарлыққызы.

Биыл 6 199 елордалық оқушы немесе оқушылардың жалпы санының 95%-ы ұлттық бірыңғай тест (ҰБТ) тапсырады. Оның ішінде 3 665 қазақ, 2 495 орыс, 39 ағылшын тілінде. Бұл ретте ҰБТ өткізу форматы өзгеріссіз қалады: ұзақтығы 3 сағат 50 минут тест екі блоктан – 3 негізгі пән (20 тапсырма) және 2 бейіндік пәннен (30 тапсырма) тұрады. ҰБТ-ға 11-ші сыныптың төртінші тоқсанының тапсырмалары енгізілмейді.

Карантин режимін ескере отырып, тест басталар алдында емтихан тапсырушылардың температурасы өлшеніп, оқушылар арасында қауіпсіз қашықтық сақталады. Сондай-ақ қосымша санитарлық шаралар қабылданады.

Бұдан басқа оқушыларды ҰБТ өтетін жерге тегін жеткізу қамтамасыз етіледі. Ата-аналар өз балаларының уақытында келуін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті. ҰБТ басталғанға дейін үй-жайлардың өртке қарсы қауіпсіздігі тексеріледі, медициналық көмек және құқықтық тәртіпті қорғау ұйымдастырылады. Биыл «Алтын белгіге» 359, үздік аттестатқа 379 түлек үміткер.