• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Мамыр, 2020

Алматыда 9 және 11 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізілмейді

1166 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында мектептердегі оқу жылының аяқталуы мен аттестаттарды тапсыру рәсіміне қатысты онлайн брифинг өтті.

Брифингте Алматы қаласы білім Басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева биылғы оқу жылында мегаполисте 9 299 түлек мектеп бітіретіндігін және олардың 545-і «Алтын белгі» үміткерлері екендігін атады.

–Биылғы жылы 9 және 11 сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау өткізілмейді, аттестаттар ағымдағы оқу жылында тоқсан қорытындысы ескеріле отырып, сол бағалардың негізінде берілетін болады, деді Ләззат Жылқыбаева.

Сонымен қатар, Алматы қаласы білім Басқарма басшысы қазіргі таңда төмендегі шараларды өткізуге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді:

22 мамыр күні сағат 11.00 кезінде «Балапан» және «Ел арна» телеарналарында 11 сынып түлектері үшін мамандыққа бағыттау бойынша бірыңғай телесабақ өтеді.

25 мамыр күні сағат 11.00  кезінде Білім және ғылым министрінің және қаланың білім саласындағы өкілдерінің онлайн құттықтауы өтеді;

25 мамыр күні (по гибкому графику) онлайн сынып сағаттары - 1-10 сынып оқушылары үшінсоңғы қоңырау өтеді;

3-4 маусым күндері мектептерде 11 сынып түлектеріне аттестат табыстау бойынша салтанатты линейкалар өтеді. Ол алдын ала жасалған кестеге сәйкес түлектердің көптеп бір жерге топталмауы мақсатында өткізіледі.

Сонымен бірге Алматы қаласы білім Басқарма тарапынан түлектердің санитарлық талаптар мен қауіпсіздікті сақтауы бойынша, линейкалардың мектеп аумағында ашық аспан астында өтуі, оған қатысатын түлектердің мектеп формасын киюі және басқа да мәселелер ерекше бақылауға алынды.