• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 19 Мамыр, 2020

Аралас жекпе-жек: Алистар Оверим мол олжаға кенелді

305 рет
көрсетілді

АҚШ-тың Флорида штатының Джэксонвилл қаласында ережесіз жекпе-жектен өткен UFC Fight Night 172 турнирінде қай спортшының қанша табыс тапқаны белгілі болды.

Дүбірлі доданың басты бәсекесінде америкалық Уолт Харристі айқын басымдықпен ұтқан нидерландтық Алистар Оверим 400 мың АҚШ долларын қалтаға басты. Жеңілген спортшыға небары $75 мың бұйырды.

Ал өзге жекпе-жек шеберлері мынадай көлемде қаражатты қалтаға басты: Клаудия Гаделья мен Кшиштоф Йотко – $108 мың, Кортни Кейси иен Дэн Иге - $100 мың, Сонг Ядонг $96 мың, Мэтт Браун $85 мың, Эдсон Барбоза - $79 мың, Марлон Вера $65 мың, Даррен Элкинс $62 мың, Эрик Андерс $61 мың,  Кевин Холланд $52 мың, Анджела Хилл $54 мың, Гига Чикадзе $28 мың, Нэйт Ландвер  $26 мың, Мигель Баеза $24 мың, Мара Ромеро Борелла $20 мың, Ирвин Ривера $14 мың және Энтони Эрнандес  $12 мың.

Сонымен қатар Вера, Ядонг, Баеза және Кейси осы жарыста ең керемет өнер көрсеткендері үшін 50 мың доллар көлемінде арнайы сыйақыға ие болды.