Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасымен мегаполисте жаз маусымында балалармен жұмыс істеуге дайындықтар басталды. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте Алматы қаласы білім Басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева баяндады.
Аталған жұмысты қалалық Спорт, мәдениет және қоғамды дамыту басқармаларымен бірлесіп ұйымдастыру жоспарланып отыр.
Демек, бұл – балаларға арнап шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларын ұйымдастыру; онлайн шараларды өткізу; қаланың мәдени және спорт нысандарына балалардың баруын ұйымдастыру;
Сөзсіз, бұл жұмыстар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық санитарлық талаптар ескеріле отырып ұйымдастырылатын болады.
Жазғы маусымның жаңа оқу жылына дайындық уақыты екенін де атап өту керек, деген Ләззат Жылқыбаева 1 маусымнан 30 тамызға дейін 1 сыныпқа баратын балалардың заңды өкілдерінен bilimalmaty.kz порталы арқылы өтініштер қабылданатындығын атады.
Аталған процедура бойынша қазір ата-аналар арасында қажетті түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жалпы болжамды мәліметтерге сәйкес, 1сыныптарға 30 мыңнан астам бала қабылданады.
АЛМАТЫ