• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Қоғам 19 Мамыр, 2020

Алматыда 43 мыңнан аса бүлдіршін балабақша кезегінде тұр

257 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қаласы өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте Алматы қаласы білім Басқарма басшысы Ләззат Жылқыбаева қаладағы мектепке дейінгі мекемелердегі орын жетіспеушілігі мәселесіне тоқталды.

Бүгінде қалада 893 мектепке дейінгі ұйымдар бар, олардың 185 (20%) мемлекеттік болап табылады.

Кезекте 1-6 жас аралығында 43 мыңнан астам бала тұр, оның 18 мыңнан астамы 3-6 жас аралығында.

Ләззат Жылқыбаева балабақшаға кезекте тұрғандар санын азайту үшін қалада төмендегідей бірқатар механизмдер жүзеге асырылып жатқандығын ретімен баяндады.

Біріншіден, биыл 4 мемлекеттік балабақша құрылысы аяқталуға жақын, тағы 3 балабақша құрылысы басталды. Сонымен бірге, 6 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымның құрылысын жүргізу жоспарда бар.

Екіншіден, ағымдағы жылдың жаз маусымында 1997-2004 жылдар аралығында жеке білім беру ұйымдарына жалға берілген 11 мемлекеттік  балабақшаны қайтаруды бастау жоспарланып отыр.

Егер жалға алушы ғимараттың профилін балабақша  ретінде сақтап, оны жаңғыртуға (жөндеу, жағдайын жақсарту) өз қаржысын салуға  дайын болса, ғимаратты қайтармаса болады.

Үшіншіден, жекеменшік секторға қолдау. Яғни қазіргі уақытта жекеменшік балабақшаларда ата-аналарға төлемді бөліп төлеу мәселесі қаралуда.  

Сонымен 2021 жылы жобалық қуаты 2590 орынға шақталған 13 балабақша пайдалануға беріледі, жекеменшік балабақшаларда қосымша 8000 орын ашылған, қайтару және ғимаратты жаңғырту жолы арқылы қосымша 2200 орын құрылған.

2020-2021 жылдары қосымша  12 790 орын құрылады, ол балабақша кезегін 70%-ға азайтады.

Қазіргі уақытта қаладағы мектепке дейінгі  барлық  893 ұйымның жұмысы тоқтатылған. Сонымен бірге, қаладағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануына қарай, балабақшалар жұмысын кезең кезеңімен іске қосу қарастырылып жатыр.

 

 

АЛМАТЫ