• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2020

Алматыда қоғамдық көлік жұмысының уақыты ұзартылды

226 рет
көрсетілді

Қалалық автобус маршруттары 21 мамырдан бастап сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады. Бұл ретте жолаушылар бетперде тағу және әлеуметтік арақашықтықты сақтау сияқты санитарлық нормаларды қатаң сақтаған жағдайда ғана қоғамдық көлікпен қатынай алады. Сондай-ақ автобус салонындағы жолаушылар саны отыратын орындардың санынан аспауы тиіс.

Қала автопарктерінің өкілдері атап өткендей, егер барлық орындар бос емес болса, жолаушылар келесі автобусты күтуі қажет.

Жолаушылар ағынының айтарлықтай азаюына қарамастан, қала тұрғындарының ыңғайлылығы мен күту аралығын қысқарту үшін қазір автобустардың 90%-ы жолға шығарылған. Сондай-ақ жолаушылар ағынының ұлғаюы байқалған бағыттарда жылжымалы бірліктер саны артқан.

Сонымен қатар санитарлық нормалардың сақталуына жолаушылардың өздері жауапты екенін атап өткен жөн. СЭС қызметкерлері құқық қорғау органдарымен бірлесіп қоғамдық көлікте тексерулер ұйымдастыратын болады.

Естеріңізге сала кетейік, қала маңы маршруттарының жұмысын қалпына келтіру әзірге жоспарда жоқ.

Соңғы жаңалықтар