• RUB:
    4.81
  • USD:
    498.51
  • EUR:
    522.84
Басты сайтқа өту
Аймақтар 20 Мамыр, 2020

Алматыға кіретін блок-бекеттерде кептеліс пайда болды

384 рет
көрсетілді

Бүгін Алматы қалалық Полиция Департаментінің басшысы Қанат Таймерденов баспасөз брифингін өткізді.

-Бүгінгі таңда қала периметрі бойынша жұмыс жасап тұрған 25 бақылау-өткізу пунктінің жағдай тұрақты. Олардың жұмысына қорғаныс Министрлігінің әскерилерінсіз ПД-нің жеке құрамынан 700-ге жуық адам жұмылдырылған. Ең танымал бағыттағы жолдарда бірнеше күн бойы кептелістер байқалады. Олар, ең алдымен карантин режимін босаңсытуға байланысты болып отыр. Кейбір азаматтар карантиннің тоқтатылуымен шатастырады, сондықтан олар қалаға кіруге немесе, керісінше, қаладан шығуға тырысады. Карантиннің жойылмағандығы туралы тағы да ескертеміз! Бақылау-өткізу пункттерінен тек Жедел Штабтың деректерінің арнайы тізіліміне енгізілген азаматтар ғана өте алады. Жүк көлігін қоспағанда, әр көлік құралын тексеруге белгілі бір уақыт кетеді. Осыған байланысты, біз азаматтарды өз үйлерінен негізсіз шығып кетпеуге шақырамыз. Бұл шаралардың барлығы азаматтардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігіне бағытталған. Түсіністікпен қарауларыңызды өтінеміз, - деді Департамент басшысы.