• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қазақстан 20 Мамыр, 2020

Қоғам және парасат: ЕҰУ ректоры онлайн-сұхбат берді

558 рет
көрсетілді

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры, академик Ерлан Сыдықов онлайн сұхбат берді. Сұхбатты «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің кеңесшісі, қалалық мәслихат депутаты Мирас Ерғалиұлы Шекенов жүргізіп отырды.

– Жақында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Қазақстан Республикасының 2020 жылындағы жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингінде көшбасшы деп танылды деген ақпарат жарияланды. Бұл жетістікке қалай қол жеткіздіңіздер? Бұл рейтингтер қаншалықты әділ?

– Менің ойымша, бұл жерде жауапты құрылым – Тәуелсіз аккредиттеу және рейтинг агенттігі (НААР). Өзінің сапалық сипаттамаларына байланысты ол білім беру сапасын қамтамасыз ету бойынша жетекші халықаралық аккредиттеу агенттігі, еуропалық, Азия және американдық желілер мен білім беру сапасы агенттіктерінің мүшесі болып табылады. Агенттікті саралау бойынша жоғары оқу орындарының ұлттық рейтингі ақпарат көздерінің ашықтығы, объективтілігі, тексерілуі және қол жетімділігі қағидаттарын сақтауға негізделген.

– Жоғары оқу орындары үшін талапкерлерді тарту кезеңі – ең маңызды мезгіл. Жылдағыдай, университеттер өздеріне талантты, әлеуетті талапкерлерді тарту үшін күрес басталатын қарсаңда тұрмыз. Сіздің ойыңызша, жоғары оқу орындары биыл мектеп бітіруші түлектерді қандай жаңалықтарымен қызықтырмақ?

– Бүгінде білім беру қызметтерінің желісі кеңеюде, жаңадан құрылған университеттер сапалы білім беру мақсатында өздерінің педагогикалық, материалдық-техникалық базасын күшейтеді.

Еуразия ұлттық университеті айтулы күнге жақындап келеді: 2021 жылы 25 жыл болады. Ширек ғасыр. Өзіңіз ойлап қараңызшы, әлемдегі ғасырлар бойы қалыптасқан университеттердің қасында біз елеусіздеу болып көрінетін шығармыз. Бірақ, біздің университетіміздің категориясы сол ауыр салмақ дәрежесіндегі университеттермен тең келеді, яғни, бұл біздің университетіміздің  сұранысқа ие болудағы негізгі факторларының бірі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне келетін болсақ: 2004 жылдан бастап ҰБТ-ның енгізілуімен, талапкерлердің оқуға түсу барысында ЖОО-ның оған қатысуы нөлге дейін қысқарды.

2019 жылдан бастап магистратураға, докторантураға қабылдау орталықтандырылған форматқа ие. Яғни, бұл да жоғары оқу орындарының оқуға түсу процесіне қатысуын толық шектейді.

Ашықтық, электрондық сервистерге көшу, ведомстволық органның, оның құрылымдарының қызметінің барынша ашықтығы университеттер қызметіндегі негізгі принциптердің біріне айналды. Білім және ғылым министрлігі дайындаған рәсімдердің нақты реттелуі ҰБТ электрондық қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

– Ерлан Бәтташұлы, сіз Қазақстан ЖОО ректорлар кеңесінің төрағасы болып табыласыз. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан университеттердің қызметі бүгінде қалай реттеледі?

– Қазақстан университеттерінің ректорлар кеңесі 2015 жылы құрылды. Оның құрамына ұлттық, мемлекеттік және жеке университеттерді қосқанда 48 жоғары оқу орны кіреді. Кеңес Қазақстанның барлық аймақтарын қамтиды. Мұнда мәселелер қарастырылып қана қоймайды, сонымен бірге ұсыныстар қабылданады, олар кейіннен министрліктің қарауына түседі.

Мәселелер әртүрлі, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл да бар.

Қазіргі уақытта студенттерді ауыстыру және қайта қабылдау, студенттер үйінде орындар беру, студенттер арасында республикалық олимпиадалар өткізу және оқудан шығаруға байланысты мәселелерді шешу мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытында ортақ портал жасау қажет. Соның аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл мәселелерін көтеру маңызды.

Барлығы өте айқын және ашық болуы керек. Әрине, бекітілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес стандарттарына сәйкес біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты жүзеге асырудың принциптері мен жүйелік тетіктерін басшылыққа аламыз.

– Сіздің барлық жұмысыңыз білім беру жүйесіне арналған. Сіздің ойыңызша, білім беруде ашықтық пен айқындықтың қандай негізгі принциптерін басшылыққа алу керек? Жоғары оқу орнының ашықтығы мен айқындығын қандай өлшемдермен анықтай аласыз?

– Сұрағыңызға қарсы сауал: сіз педагогикалық және білім беру қызметі саласында анықталған құқықбұзушылықтар санының неғұрлым аз екендігі туралы ойландыңыз ба?

Ар-намыс кодексі бар, ол қызметтің ерекшелігімен күшейтіледі: біз балалармен жұмыс істейміз. Бос жұмыс орындарына мұғалімдерді іріктеу бірнеше жыл бойы ашық конкурс арқылы жүзеге асырылып келеді. Үздік студенттерді объективті және ашық түрде іріктеу үшін жағдай жасалды: өту балы жоғарылады.

Дипломдық біліктілік жұмыстары антиплагиаттық тексеру арқылы сұрыптаудан өтеді. Докторанттардың жұмыстары қорғау күніне дейін Интернет желісінде ашық түрде орналастырылады.

Біз академиялық және әкімшілік өкілеттіктерді нақты ажыратуды үйрендік. Сонымен қатар еліміздің ұлттық университеттердің ашықтығы мен айқындылығын Қадағалау кеңесі қамтамасыз етеді.

– Сіздің «Әдеп» жобалық офисіңіздің белсенділігі туралы біз әлеуметтік желілер арқылы таныстық....

– «Әдеп» – номиналды кеңсе емес, ол 2019 жылдан бастап жұмыс істейді. Оған белгілі заңгер, ғалым, оқытушы Еркебұлан Нұғыманов деген азамат жетекшілік етеді. Ол жобалық кеңсе Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мен ЕҰУ арасындағы екіжақты меморандум негізінде құрылды.

Тәулік бойғы режімде сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша сенім телефоны жұмыс істейді. Байланыс орталығы одан әрі әрекеттерді орындау үшін сөйлесулерді жазып алады.

«Бір терезе» қағидаты грант негізінде конкурстық іріктеудің нәтижелері бойынша құжаттар қабылдау бойынша комиссияның жұмысын жүзеге асырады.

Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ұлттық жоспары негізінде әрекет етеміз, онда белсенді кері байланыс нысандары маңызды.

Біз туралы барлық ақпарат барлық желілік ресурстарда бар. Мен басқаратын блогта кері байланыс үшін виджет бар. Оның ішінде, сыбайлас жемқорлық сипатындағы мәселелердің мониторингі тіркелген.

ТҮЙІН:

Онлайн-сұхбат барысында оқырмандар мен көрермендер тарапынан көптеген сұрақтар қойылды. Қойылған сауалдарға қарағанда,  көпшілікті жатақхана мәселесі мен Абайдың 175 жылдығына дайындық жұмыстары қатты қызықтыратын секілді. Сондықтанда ректор Ерлан Бәтташұлы Сыдықов ЕҰУ жақында ғана үш мың орындық жатақхана құрылысын бастағанын, университет жанындағы Абай орталығы тынымсыз еңбек етіп, ғалымдар Абайдың 175 жылдығы ғылым тойы ретінде аталып өту үшін көптеген кітаптар шығарумен айналысып жатқанын жеткізді.