• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қыркүйек, 2013

Көкек ана ұсталды

365 рет
көрсетілді

Көкшетау қаласында жаңа туған сәбилерін қоқыс жәшігіне, көл жағасына тастап кеткен көкек аналар туралы деректер жиілеп барады. Өткен сейсенбі күні ішкі істер басқармасының кезекшілік бөліміне қоңырау шалынып, көпқабатты үйдің бесінші қабатындағы басқыштан тағы бір сәбидің табылғаны белгілі болды. Телефон шалған ер кісінің хабарлауынша, сәби жылы оралып, шаруашылық сөмкесіне салынған екен.

Көкек ананы іздестіру шараларын жүргізген полицейлер перинаталдық орталық қызметкерлеріне, шағын аудан тұрғындарына сұрау салған. Нәтижесінде бөбектің анасы жоғарыда аталған үйдің тұрғыны болып шықты.

Қазіргі уақытта өз баласын тастап кеткен азаматша Көкшетау қалалық ішкі істер басқармасына жеткізіліп, оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.

Бақберген АМАЛБЕК,

«Егемен Қазақстан».

Ақмола облысы.

Соңғы жаңалықтар