• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қыркүйек, 2013

Баспа үйінің басым бағыттары

440 рет
көрсетілді

Назарбаев Орталығының жанынан шілде айында ашылған Баспа үйінде Редакциялық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Назарбаев Орталығының жанынан шілде айында ашылған Баспа үйінде Редакциялық кеңестің алғашқы отырысы өтті.

Президент Кеңсесінің бастығы «Назарбаев Орталығы» ММ дирек­торының міндетін уақытша атқа­рушы Махмұд Қасымбеков атап көр­сет­кендей, Қазақстан Рес­публи­ка­сындағы президенттік инс­титутқа, мем­лекеттіліктің қалып­тасуы мен даму тарихына, сондай-ақ саяси-қо­ғам­дық, әлеуметтік-мәдени мәселе­лерге арналған басылымдарды жүйе­леу және жарыққа шығару Баспа үйі­нің негізгі мақсаттарының бірі болып табылады.

Баспа үйі тәуелсіз Қазақстанның тарихы мен мәдениетін зерт­теушілер үшін бірыңғай ақпа­раттық кеңістік пен кәсіби орта қа­лыптастырады. Осы­ған орай отырыста Баспа үйі­нің саясаты мен стратегиясын жан-жақты ашып көр­сететін Ереже тал­қыланып, Баспа үйі қызметінің мақсаты мен міндеті және бағыты күн тәртібіне қойылды. Пікір алмасу кезінде жетекші ғалымдар мен талантты жастардың және еліміздің тарихы мен мәдениетіне қызығушылық танытатын адамдардың ғылыми күшін біріктіру үшін жаңа алаң құру қажеттігі айтылды.

Басқосу барысында Баспа үйінің Редакциялық кеңес мүшелері бекітілді. Оның құрамына қоғам және мемлекет қайраткері Мырзатай Жолдасбеков, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» АҚ президенті Сауытбек Абдрахманов, С.Сейфуллин мұражайының директоры Несіпбек Айтұлы, Қазақ радиосының директоры Махат Садық және басқалар кірді.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар