Үшінші мыңжылдықтың басы, барлық болжамдарға қарамастан, өркениеттің эволюциялық-технологиялық дамудың жаңа деңгейіне өтуімен есте қалады. Ал бірақ ХХІ ғасырда әлем бұрынғы дағдарыстық белгілерден құтыла алмауымен қатар, одан да көлемді экономикалық және қаржылық күйзеліске тап болды.
Үшінші мыңжылдықтың басы, барлық болжамдарға қарамастан, өркениеттің эволюциялық-технологиялық дамудың жаңа деңгейіне өтуімен есте қалады. Ал бірақ ХХІ ғасырда әлем бұрынғы дағдарыстық белгілерден құтыла алмауымен қатар, одан да көлемді экономикалық және қаржылық күйзеліске тап болды.
2007-2009 жылдардағы жаһандық қаржы-экономикалық дағдарыс капитал әлемін тұрлаусыздықтың «бесінші бұрышына» қойып, іс жүзінде болып жатқанның терең факторының көрінісінен алшақ халықаралық сарапшылардың барлық «бірқалыпты» болжамдарын жоққа шығарды. Осы жағдайда Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2009 жылғы ақпанда Ресейдің «Известия» газетінде жарияланған «Дағдарыстан шығу кілті» мақаласында қазіргі заманның қаржы-экономикалық дағдарыстың мәнісіне жан-жақты салмақты ғылыми түсініктеме берілді. Осы іргелі мақалада бұл табиғи апат және кездейсоқ жағдайлар тоғысының нәтижесі емес екендігі, әлем экономикасының терең қателігінің заңды салдары екендігі атап көрсетілді. Соның бедерінде, яғни V Астана экономикалық форумында Елбасы әлем қауымдастығын шынайы адамгершілікке, төзімділікке және шыдамдылыққа негізделген ХХІ ғасырдағы әлемді құрудың жаңа G-Global қағидаларын құруға шақырды.
Халықаралық экономикалық саясатты одан да конструктивті құру және дағдарысқа қарсы жаһандық шешімдер іздестіру мақсатында Қазақстан Президенті қазіргі G20 форматына қосымша ретінде G-Global елдері тобын құру туралы ұсынысын алға тартты. Форум шеңберінде Елбасы Астанада әлемдік дағдарысқа қарсы жоспар жасау үшін дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция өткізу қажеттілігі туралы айтты. Мұның өзінде әлемді экономикалық өзгерту жұмыстары БҰҰ-ның қамқорлығымен өтуі керектігі атап көрсетілді. Мұндай қажеттілік экономиканың барлық үрдістерінің үдемелі жаһандануымен еріксіз қабылданып отыр, ол БҰҰ қызметінің экономикалық құрамасының парадигмасын ауыстыруды меңзейді.
Сондай-ақ Елбасы әлемдік дағдарыс себептерін болжау және жою валюталық және сауда-экономикалық реттеу саласындағы әлемдік құрылымдар жұмысының басты мәні болуы тиіс деген пікір білдірді. 2012 жылғы 21 желтоқсанда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарымен Астана қаласында Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференция өткізу туралы ұсынысты БҰҰ-ға қатысушы барлық 193 ел қолдады. «...Қазақстан секілді елдердің даусы тыңдалуы үшін мен екі жыл бұрын G-GLOBAL жобасын алға тарттым. Бұл G8 және G20-ның баламасы емес, ол ақпараттық-коммуникативтік алаң ретінде іске асып жатқан жаһандық үнқатысу жүргізудің қосымша құралы», деді бұл ретте Елбасы.
Саммит шаралары шеңберінде БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун экономикалық қауіпсіздіктің халықаралық саясатын қалыптастырудағы Қазақстанның рөлін жоғары бағалады. Қазақстан Республикасы Президентімен кездесу барысында ол былай деп атап өтті: «Қазақстанды G20 Саммитіне шақыру елдің экономикалық дамудағы табыстары мен жетістіктерін абсолютті мойындау, оның халықаралық мәртебесінің артқаны, сондай-ақ мемлекеттің ғаламдық экономикалық мәселелерді шешудегі рөлінің куәсі деп білемін. Сіз Қазақстанды өңірлік қауіпсіздікте маңызды рөл атқаратын елге айналдырдыңыз және мұның бәріне Сіздің көшбасшылық қасиетіңіздің арқасында қол жеткізіліп отыр».
БҰҰ-ның Дағдарысқа қарсы жоспарын әлем мемлекеттерінің көпшілігінің жасау және қабылдау үрдісін одан әрі демократияландыру және ғаламшардың әрбір тұрғынына шын мәнінде ғаламшарлық мәні бар жоба жасауға тікелей қатысуға құқық беру мақсатында G-Global виртуалды форматында пікірталас үздіксіз жүргізілмек. 2014 жылдың мамыр айында VII Астана экономикалық форумы кезінде өткізілетін ІІ Дағдарысқа қарсы бүкіләлемдік конференцияда әлемдік қоғамдастық БҰҰ-ның Бүкіләлемдік дағдарысқа қарсы жоспары жобасын қабылдауы тиіс, оны жүзеге асыру жаһандық экономиканың және, тұтастай алғанда, өркениеттің алдағы тағдырын белгілейді.
Қорыта айтқанда, әлемдік қоғамдастық Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа мүмкіннің және мүмкін еместің шегін кеңейту қабі