Әнші Димаш Құдайбергеннің жанкүйерлері оның туған күніне орай 3 мыңға жуық көшет отырғызды. Бұл туралы әншінің фан-клубы Instagram парақшасында жазды.
«Бұл - Димаштың 26 жасқа толуына орай жасалған арнайы сыйлық. Димаштың жанкүйерлері (Dears) Қытайдың солтүстік-батысындағы шөлдалада Димаштың есімімен аталатын 2 780 түп ағаш отырғызды. Бұл қоршаған ортаға өлшеусіз пайда әкеледі деп сенеміз» деп жазды қытайлық жанкүйерлер.