Сырттай атын естігені болмаса, бұған дейін жүздеспеген жұрағаттарға таныстырудың сәті түсе қалғанда: «Балалар әдебиетінің көкжиегін кеңіткен әлем классиктерінен ағайынды Гриммді, Андерсенді, орыс ақын-жазушыларынан Кассильді, қазақ қаламгерлерінен Жақан Смақов пен Бердібек Соқпақбаевты оқып па едің?» деп сұрап аламын да, көзі қарақты, көкірегі ояу азамат екенін білген соң: «Онда бұл – қазақ балалар әдебиетінің қазіргі көрнекті өкілі Шәкен Күмісбаев дейтін жазушы болады», деп таныстырамын қаламгер ағамды. Жер ортасы жастан әлдеқашан асса да, жабықтан сығалаған жеті жасар баладай ұяң мінезінен танбаған әріптесім ондайда қос қолын бірдей сермелеген күйі: «Қойшы-ей, сенің-ақ қалжыңың қалмайды екен», деп азар да безер күйгелектене бастайды. Асыра мақтасам да ақиқаттан аттамағанымның дәлелі ретінде бір-жар мысалдар келтіріп, тыңдаушының ғана емес, Шәкен досымның өзін иландырғандай боламын.

Расы сол, күнделікті күйбең тірлікте «қолда өскен атанның тайлақ аты қалмайды» дейтін қазақшылықтан аса алмаймыз да, талант иелерінің мөлдір де таза шығармаларын, қаламгерлігін былай қойғанда, заманына қарай қоғамға, өз ортасына, әдебиет пен мәдениет салаларының көкжиегін кеңейтуге қосқан еңбектерін бағалай бермейміз. Осындайда Әбдіжәміл Нұрпейісовтің: «Талантты тану үшін де талант керек», деген мағыналы сөзі еске түседі.
Бұл ойға оралып отырғаным, осыдан 10-15 жыл бұрын, яғни балалар әдебиеті ғана емес, жалпы рухани дүниенің жұтаң тартқан тұсында қасына Сұлтан Қалиев пен Арасанбай Естеновті қосып алып, балалар әдебиетінің көшін түзету, ұрпаққа қажетті мөлдір шығармаларды қайта жандандыра жазғызу, жаңғырту мақсатында кәсіпкер ініміз Бауыржан Оспановтың табалдырығын Шәкен барып аттамаса, тілеуіңді бергір Бауыржан да сырт айналып кетпей, қамқор қолын созуға әзір екенін білдірмесе, әй, қайдам, бүгінгі өрісіміздің өзінен жаңылып қаларымыз хақ еді. Себебі, мемлекеттік тапсырысты былай қойғанда, демеушілік көрсетіп жүрген бірқатар қалталы азаматтардың өзі де «балалар әдебиеті» десе болғаны, оған менсініңкіремей қарайтын күн туған еді. Содан барып жалпы әдебиеттің інісіндей көрінген балалар әдебиетінің тізгінін ұстаған ақын-жазушылар кітаптарын шығаруды былай қойғанда, мерзімді баспасөз беттерінен де сирек көріне бастаған болатын. Соны дер кезінде аңғарған, бөбектерге арналған әдебиетті қайта жаңғыртуға қатысты шараларды жан-жақты ойластырған Шәкен Күмісбаев тыңнан жол тапқандай әйтеуір балалар әдебиетін насихаттаудың, оған бүкіл ақын-жазушыларды қатыстырудың, бірте-бірте оны халықаралық деңгейге шығарудың бірден бір жолын тапқандай болды.
Осылайша, «Жер-су» корпорациясының тікелей демеушілігімен Шәкен бастаған азаматтар балалар әдебиетіне бәйге жариялап, ақын-жазушыларды айтпағанда, қолына қалам ұстаған бүкіл қазақ қаламгерлерін аламан жарысқа қосты да жіберді. Үміт ақталды. Жазған-сызғандарын «Балдырған» журналы мен «Ұлан» газетінде ғана шығару мүмкіндігінен аспаған, тіпті, соған да кейбіреулерінің қолдары жете алмай жүрген үлкен-кішілі ақын-жазушылардың баршасы кейінірек «Дарабоз» деп аталған бәйгеге өз шыға