Қызылорда облысында коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 279-ға жетті. Олардың 219-ы сауығып шыққан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов мәлімдеді.
Жаңадан тіркелген 7 науқастың төртеуі коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болған. Ал үшеуі көпбейінді қалалық аурухананың фильтр кабинетінен анықталды. Қазіргі таңда науқастардың жағдайы бірқалыпты, емдерін алуда, - деді облыстың бас дәрігері.
Денсаулық сақтау басқармасының басшысы вирустың қарым-қатынас арқылы таралып отырғанына тоқталып, сақтық шараларын мүлтіксіз орындауға шақырды.