• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қыркүйек, 2013

Енжарлық етектен тартпасын

500 рет
көрсетілді

Көркемдік, тарихи және фи­ло­софиялық құн­ды­лығы жағы­нан бір ел түгілі тұтас құрлықтың ая­сы­на сыймайтын ғаламаттар бола­ды. Әдебиет са­ласында мұндай ға­жайыптардың көшбасында Гомердің «Одиссеясы» мен «Иллиадасы», үндінің «Махаб­ха­ратасы», қырғыздың «Мана­сы» тұр. Бұлардың негізгі ерек­ше­ліктері – көлемі болса, атақ­ты Мұрын жырау жырлаған «Қы­рым­ның қы­рық батыры» ауқымы жағынан осылардың бәрін жолда қалдырады. Ол әлемдегі ең ұзақ эпостың бірі – «Манастан» екі есе кең.

Көркемдік, тарихи және фи­ло­софиялық құн­ды­лығы жағы­нан бір ел түгілі тұтас құрлықтың ая­сы­на сыймайтын ғаламаттар бола­ды. Әдебиет са­ласында мұндай ға­жайыптардың көшбасында Гомердің «Одиссеясы» мен «Иллиадасы», үндінің «Махаб­ха­ратасы», қырғыздың «Мана­сы» тұр. Бұлардың негізгі ерек­ше­ліктері – көлемі болса, атақ­ты Мұрын жырау жырлаған «Қы­рым­ның қы­рық батыры» ауқымы жағынан осылардың бәрін жолда қалдырады. Ол әлемдегі ең ұзақ эпостың бірі – «Манастан» екі есе кең.

Осы теңдесі жоқ асыл мұраға ал­ғаш қамқор бол­ған тұлға – академик Қаныш Сәтбаев еді. Ол 1942 жылы КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиа­лының төрағасы болып тұрған кезде Маңғыстаудан Мұрын жырауды Алматыға алдыртады. Атақты Сыпыра жыраудың дәстүрін сақтап қалған ерекше дарын иесі «Қырымның қырық батырын» айлап-апталап жырлайды. Көне қазына осылай тұңғыш қағазға түскен.

Содан бастап жырға қы­зы­ғу­шылар көбейеді. 1944 жылы Таш­кентте өткен Орта Азия елдерінің ауыз әдебиетіне арналған ғылы­ми конференцияға қатысқан фольк­лортанушы ғалымдар «Қырымның қырық батырын» адамзаттық рухани құндылық деп жариялайды.

Шындығы осы. Эпос бір-бірімен тарихи бай­ла­нысқан 36 жырдан тұрады. Ел қорғаған ерлердің қаһармандығы, арпалысқа толы оқиғалар, халықтың қиналысы мен толғанысы ерекше шабытпен суреттеледі. Тұлпарлардың дү­бірі жаңғырықтырған ұлан да­ла аударылып-төңкерілгендей, дәуір­лердің тағдыры қыл үстінде тұр­ғандай, жерде теңіз тулап, көкте күн тұтылғандай... Бағзы жыр жерім деп тебіренеді, елім деп еміренеді.

Әр бөлімі – тұтас тарих, әр тарауы – бір дастан. Аңшыбай батыр, Парпария, Құттықия, Едіге, Нұрадын, Орақ-Мамай, Қарасай-Қази, Қарадөң, Асан­қайғы, Қарға бойлы Қазтуған болып толыса береді, толғата береді. Батыры ғасырдың, ханы дәуірдің сырын шертеді. Ұлт баянына, ел шежіресіне қандырады.

Өкінішке қарай, осы жойқын жыр ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұра комитетінің тізіміне енгізілген жоқ. Қытайдағы қырғыз диаспорасы 2009 жылы «Манасты» ЮНЕСКО-ның қорғауына алдырғанын көріп-біліп отырып, көлемі одан асып түсе­тін, көркемдігі кем емес жыр жауһарын тасада қалдырып келе­міз. Бұл – ештеңемен ақталмайтын сал­ғырттық. Осындай енжар­лық­пен уақыт өткізе бермей, ЮНЕСКО-дағы өкілдікті және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлт­тық комиссияға төрағалық етіп отырғанымызды пайдаланып, «Қырымның қырық батырын» әлемдік деңгейге көтерейік, ЮНЕСКО-ның қорғауына алды­райық.

Ашығын айтқанда, «Қырымның қырық ба­тырының «Одиссеядан» несі кем?!

Аталған жырды бізге жеткізген айрықша дарын Мұрын аталып кеткен Тілеген Сеңгірбайұлын да құрметтей алмай жүрміз. Туған жерінде ес­керт­кішін орнатып, ақындық және жыраулық ерек­шеліктерін зерттеуге тиіспіз. Маң­ғыстау облы­сының Ақкетік елді мекеніндегі шағын мұра­жайын, бәлкім, Ақтауға көшіріп, сол жер­ге Сы­пыра, Абыл, Нұрым, Қаша­ған, Мұрат секілді дүл­дүл жырау­лардың мұраларын жинаса және бұл шаңы­рақты фольклортану орталығының біріне айнал­дырса, қазақ жыраулық өнерін зерттеу мен насихаттаудың өрелі ошағы болар еді.

Алдан СМАЙЫЛ,

Мәжіліс депутаты.

Соңғы жаңалықтар