Археография және деректану ұлттық орталығы Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының Ұлттық тарихын зерделеу мәселесі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысының хаттамасына сәйкес тиісті тапсырмаларды іске асыруда.
Археография және деректану ұлттық орталығы Мемлекеттік хатшы Марат Тәжиннің төрағалығымен өткен Қазақстан Республикасының Ұлттық тарихын зерделеу мәселесі бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының кеңейтілген отырысының хаттамасына сәйкес тиісті тапсырмаларды іске асыруда.
Ағымдағы жылы Орталық қызметкерлері Б.Т.Жанаев, И.В.Ерофееваның Қалмақ Республикасының Ұлттық мұрағатына (Элиста) және Ж.М.Төлебаеваның Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Шығыстану институтының қолжазбалар қорына (Ташкент) ғылыми іссапарлары ұйымдастырылды.
Ғалымдар бірінші кезекте Қазақстан тарихының аз зерттелген мәселелеріне көңіл аударды. Осы уақытқа дейін Қалмақ Республикасы Ұлттық мұрағатының құжаттық материалдары қазақстандық зерттеушілердің назарынан тыс қалып келген. XVII-XVIII ғғ. қазақ және қалмақ халықтарының әскери қақтығыстарының ғана емес, дипломатиялық және гуманитарлық өзара қарқынды байланыстарының кезеңі болып табылады.
Іссапар барысында Ұлттық орталық қызметкерлері қалмақтардың Еділ-Жайық өзендері аралығынан 1771 жылдың қысы-жазында Шыңжаңға жаппай қоныс аударғанға дейінгі қазақ-қалмақ қарым-қатынастары туралы XVIII ғасырдағы мұрағаттық құжаттардың едәуір кешенін анықтады. Анықталған құжаттар кешенінің арасында маңызды дерек ретінде қазақ хандары Әбілхайыр мен Әбілмәмбеттің, сондай-ақ, Орта жүздің әйгілі тарханы және батыры Жәнібек Қошқарұлының (1751 ж. қаза болған) қалмақ ханы Дондук-Дашиға (1741-1761 ж.ж.) жазған хаттарын атауға болады. Бұл құжаттар ағымдағы жылы шығарылатын «Эпистолярное наследие казахской правящей элиты. 1675-1879 гг.» атты екі томдық құжаттар жинағында, сондай-ақ, ««Между всеми старшинами знатнейший». История жизни и деятельности первого казахского тархана Жанибека Кошкарулы» кітабында жарияланады. Сонымен қатар, Қалмақ Республикасы Ұлттық мұрағаты басшылығымен келесі жылы «История Казахстана в документах и материалах» атты альманахтың төртінші шығарылымында XVIII ғасырдағы қазақ-қалмақ қарым-қатынастары туралы профессор Н.Н. Пальмовтың жарық көрмеген еңбектерін бірлесіп жариялау туралы келісімге қол жеткізілді.
Өзбекстан Республикасы Ғылым академиясы Шығыстану институтының қолжазбалар қорына (Ташкент қ.) жасалған ғылыми сапардың басты міндеті жоғарыда аталған институттың қорында сақталған орта ғасыр мен жаңа дәуірдегі Қазақстан тарихының әртүрлі аспектідегі маңызды да толық мәліметтерін қамтитын араб тілді деректер кешенін анықтау болатын. Шығыстану институтының қолжазбалар қоры 40 мыңнан астам шығармалар тізімін қамтитын 18 мың томдық көптеген шығыстық қолжазбалар топтамасынан тұрады. Деректердің жазылған уақытына қарайтын болсақ, олар Х ғасырдан ХХ ғасырды қоса алғандағы мыңжылдық кезеңді қамтиды. Қор үнемі толықтырылып отыратын 26000-нан астам араб тілді қолжазба мен 39000 баспа кітаптан тұрады. Институттың қолжазбалар қоры әлемдегі ең бай қолжазбалар қоймасы ретінде ЮНЕСКО тізіміне, «Память мира» тізіліміне енгізілген.
Жұмыстың мақсатына сәйкес басты назар әрбір жеке қаралатын араб тілді дереккөздерді қамтитын нақты материалдарды анықтауға бөлінді. Ж.М.Төлебаева Орталық Азияда, Иранда, Ауғанстанда, Үндістанда жазылған, Қазақстан тарихы мен мәдениетіне қатысты нақты материалдардан тұратын араб тілді дереккөздерді зерттеді. Дереккөздерді талдау кезінде Қазақстан тарихының ежелгі және орта ғасырдағы тарихын зерделеудегі ақтаңдақты жоюға негіз болатын жазба ескерткіштердің мазмұнын ашуға, жаңа және қажетті деректерді анықтауға ерекше назар аударылды. Әсіресе, түріктердің шығу тегі, құрамы, кәсіптері, әдет-ғұрыптары және салт-дәстүрлері туралы мәліметтерден тұратын шығармалар маңыздылығымен ерекшеленеді. Бұл мәліметтер қазақ халқының этногенезі мәселелерін және қалыптасу тарихын зерттеуде құнды болып табылады.
Ұлттық тарихты зерделеу бойынша ведомствоаралық жұмыс тобының отырысында қойылған мәселелерді іске асыру аясында Археография және дер