Ресей чемпионатының жоғары лигасында ойнап жүрген Өскеменнің «Казцинк-Торпедо» командасы биылғы маусым басталғалы бері бірінші рет ұтылды. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады.
Өскемендіктер бұл жолы Красноярскіде жергілікті «Сокол» командасына қарсы ойнады.
Бұл кездесудің негізгі және қосымша уақыттарында командалар есеп аша алмады. Ойын негізінен осылайша 0:0 болып аяқталды. Сосын төрешілер матчтан кейінгі буллит белгіледі. Онда алаң иелері бір шайбаны артық салып кетті. Буллиттің есебі – 2:1. «Соколдың» пайдасында. Жеңіс добын красноярскілік Виталий Смолянинов түсірді.
Осылайша «Казцинк-Торпедоның» жеңіліссіз сериясы үзілді. Соған қарамастан, өскемендіктер 21 ұпаймен өз тобын бастап келеді.
Руслан Игілік.