• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
28 Қыркүйек, 2013

Хоккей. «Барыстың» жеңісті сериясы аяқталды

330 рет
көрсетілді

Астананың «Барыс» командасының Құрлықтық хоккей лигасындағы жеңісті сериясын бүгін, 28 қыркүйек күні түнде Хорватияның «Медвашчак» командасы тоқтатты. Загребте өткен бұл матч 3:2 есебімен алаң иелерінің пайдасына шешілді. Бұл туралы Vesti.kz хабарлады. Матчтың бірінші кезеңінде хорваттар басым болды. Олар осы жиырма минутта жалғыз шайбаны салып үлгерді. Олар мұны 10-минутта Кертис Фостердің күшімен жасады. Ал қалған екі кезең де 1:1 деген нәтиже әкелді. Екінші кезеңнің басында да алаң иелері қонақтар қақпасына қарай ұмтылды. Олар 24-минутта оны голға айналдырды. Біздің қақпашы Ари Ахонен хорваттар шабуылшысы Люк Уокердің жолына тосқауыл бола алмады. Бірақ астаналықтар ұнжырғасын түсірмеді. Олар бар-жоғы 50 секундтан кейін бір шайбаның қарымтасын қайтарды. Қонақтардан Евгений Блохин көзге түсті.Осы арқылы «Барыс» қатарынан 84-ші матчта шайба салу арқылы өзіндік рекорд жасады. Соңғы кезеңнің басында алаң иелері тағы да бір гол салды. Оны Райан Веске өз есебіне жазды. Ал үш минуттан кейін астаналықтар Владимир Гребенщиковтің арқасында тағы да есепті қысқартты. Алайда, олардың бұдан артыққа шамалары келмеді. Осы ойыннан кейін де «Барыс» 21 ұпаймен топ басында тұр. Бірақ оны ертең, 29 қыркүйекте Ярославльдің «Локомотивін» қабылдайтын Қазанның «Ақ барысының» басып озуы әбден мүмкін. Дамир Қожамқұл.
Соңғы жаңалықтар