Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қазақстандықтарды Ораза айт мерекесімен құттықтады. Бұл туралы Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
«Баршаңызды мұсылман қауымының қасиетті де ұлық мерекесі - Ораза айтпен шын жүректен құттықтаймын. «Он екі айдың сұлтаны» саналатын Рамазан айында жасаған қайырлы амалдар қабыл болсын! Ораза айт мерекесі - ол бірлігі мен ынтымағы жарасып, бір шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүріп жатқан барлық қазақстандықтардың берекесін арттырып, елдігімізді күшейтеді.
Сонымен бірге, бұл адамдардың бір-біріне қайырымдылық жасап, мейірімділік көрсететін ерекше мереке. Осы қасиетті мерекеде дендеріңізге саулық, әрбір отбасына амандық, құт-береке тiлеймiн! Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», - делінген құттықтауда.