• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 24 Мамыр, 2020

Түркияның бас консулы Атыраудағы дәрігерлерге алғыс білдірді

1126 рет
көрсетілді

Атырауда қауіпті індетке шалдыққандар арасында шетелдік азаматтар да бар. Соның бірі – Түркия   Республикасының азаматы Хаджы Чағлар.

Ол Теңіз кенішінде жұмыс істеп жүріп, коронавирус инфекциясын жұқтырып алыпты. Қазір емделіп жатыр. Осыған орай Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым  №2 облыстық ауруханасының директорына алғыс хат жолдапты.

– Атырау облысының Теңіз кенішінде жұмыс істеген Түркия Республикасының азаматы Хаджы Чағлардың  №2 облыстық ауруханада емделуіне көңіл бөлгені  үшін инфекциялық бөлімнің дәрігерлеріне, медбикелеріне, барша медицина саласының қызметкерлеріне шын көңілден ризашылық білдіреміз, - депті Түркияның бас консулы алғыс хатында.

Сондай-ақ бас консул Денсаулық сақтау министрлігіне де ризашылығын білдіріп отыр.

– COVID-19 індетімен күресте Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына және Қазақстан халқына табандылық пен жетістіктер тілеймін, - дейді  Түркия Республикасының Ақтау қаласындағы бас консулы Мұзаффер Ақйылдырым.