Елордада жол жөндеу қарқынды жүруде. 2020 жылы Нұр-Сұлтанда 150 көше жөнделеді, олардың 100-і тұрғын үй алабында.
«Промышленный тұрғын үй алабында 20 жылдан бері тұрып жатырмын. Ауданымызда жол жұмыстары жүруде. Көптен күткен жаңалыққа тұрғындар өте риза. Жағдай жақсарады. Балалар ойнай алады. Енді оларға мектепке жету оңай, резеңке етік алудың қажеті жоқ. Шұңқырлардың кесірінен көлікті жиі жөндемейтін болдық», – дейді «Промышленный» тұрғын алабының тұрғыны Балғабай Ыбрайымбеков (Балуан Шолақ көшесі).
«Бізде алғаш рет жарық пен жол желісі тартылды. Бұрын шаңды және лас болатын. Көшелер қараңғы болды. Ал қазір өте тыныш, балалар көшеде ойнайды. Бізде бәрі жақсы», – деді «Өндіріс» тұрғын үй алабының тұрғыны Анар Махметова (Ақпан тұйығы көшесі, 7). Жұмыс тиісті деңгейде жүргізілуі тиіс, сапасыз жолдарды әкімдік қабылдамайды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша биыл 15 мың жұмыс орны, жол жұмыстары аясында 1,5 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Жұмысқа орналастыру бірінші кезекте жұмыспен қамту орталықтары арқылы жүреді.
Сонымен қатар, биыл екі көпір құрылысы аяқталады. Көшелерде 10 мың энергия үнемдейтін шамдар орнатылады – аталған шамдар электр энергиясын 40%-ға үнемдейді және әдеттегі шамдарға қарағанда айтарлықтай жарық болады. Сондай-ақ елордада аулаларды, үй аумақтарын және қоғамдық кеңістіктерді абаттандыру белсенді жүргізілуде. Биыл 150 аула мен 50 қоғамдық кеңістік (саябақтар, скверлер) абаттандырылады.