• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Аймақтар 25 Мамыр, 2020

Алматылықтар ХҚО-дан «қағаз» жүзіндегі қызметтерді ғана ала алады

87 рет
көрсетілді

Алматы қаласының бас санитар дәрігерінің шешімімен бүгіннен бастап мегаполисте Халыққа қызмет көрсету орталықтары ашылды. Енді алматылықтар ХҚО-да электронды форматта қолжетімсіз, «қағаз» жүзіндегі қызметтерді ғана ала алады. Бұл шамамен 100 мемлекеттік қызмет, оларды алу үшін ХҚО-ға бару қажет. Алматыда ХҚО-дан тыс 40-қа жуық өзіне өзі қызмет көрсету сектеры жұмыс істейді.

Бүгінгі таңда, Алматы қаласы филиалы үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алуға мүмкіндігі жоқ адамдарға 40-қа жуық eGov бұрышын дайындап қойған. Осындай өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының қатарында мына орындар бар:

Тұрғынүй департаменті, Жароков көшесі, 215 Медеу аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Төле би көшесі, 12..Қалдаяқов көшелерінің қиылысы "Бақытты отбасы" орталығы, Зенков к-сі, 15 Жұмыспен қамту орталығы, Назарбаев көшесі, 50 № 72 мектеп, Думан ш.а. "Қазпочта" АҚ, Алатау ш.а. "Көк базар" әмбебап базары, Жібек жолы даңғылы 53 / Мақатаев 44 "DOSTYK PLAZA" СОО, Самал шағын ауданы-2,111 "Нұр Отан" кеңсесі, Достық даңғылы, 124 "Галерея" сауда кешені, Тимирязев көшесі, 42 "Мега Alma-Ata" СОО, Розыбакиевк-сі, 247А "Бақытты отбасы" орталығы, Шұғыла ш.а. 347/2. "FORUM" СОО, Сейффулин д-лы, 617 Бостандық ауданы әкімінің аппараты, Айманов көшесі, 191 "PROMENADE" СОО, Абай даңғылы, 44а Райсобез, Мақатаевк-сі, 142 "Нұр Отан" кеңсесі, Құлагерш.а. 59/1 МФК RAMSTORE ALL IN, Назарбаев даңғылы, 226 Райсобез, Нұркент ш.а. 5/18 "Qoldaý (кәсіпкерлік орталығы), РихардЗоргек-сі, 9А "Mаrt Village" СОО, Рихард Зорге к-сі 18/1 Цифрлық ХҚО,. Әйгерім 2 ш.а., Бенберин к-сі, 89 Казпочта, Алатау 61 опс, Райымбек к-сі 383 "Domillion" СОО, Рысқұлов д-лы, 143б Қазпочта, Бөгенбай батыр к-сі, 134 Казпочта, Алтынсарин д-лы, 11 ш.а.. д. 27 Әуезов аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, 3 ш.а. "Мәскеу" СОО, Алтынсаринк-сі, Абай қиылысы Тұрғынүй жинақ құрылыс банкі,. Жетысу-2 ш/а.,70Б Әуезов аудандық МКБ, Алтынсарин даңғылы, 23 Цифрлық қызметтер орталығы, Алмалы-1 ХҚО, Сүйінбай д-лы, 2, к 4 "Белас" СҮ, Жұмабаев көшесі, 71 "Максима" СОО, Райымбек даңғылы "ЭДЕМ" СО, Кудерин к-сі, 3/1 "Нұр-Отан" кеңсесі, Жетісу ауданы, Құлагер ш.а., 59/7 Жетісу ауданы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, Құлагер ш.а., 59/1 Салық комитеті, Абылайхан даңғылы, 2 «Жетісу-Семиречье» СОО, Қайрат ш.а, 181 "Нұр Сәт" базары, Ақсуат ш.а., 118/1 "ТУРКСИБ" жәрмеңкесі, Сүйінбай даңғылы, 261

Мұнда көрсетілетін қызметті алушыларға порталға тегін негізде кіру мүмкіндігімен техникалар (жеке компьютерлермен, веб-камералармен және қосалқы құралдармен жабдықталған) қойылған.

Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚО операторлары кеңес беретін болады.

Дегенмен, 3 санаттағы азаматтар, яғни, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ, олар да ХҚО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек. ХҚО-ға тек бетпердемен кіргізіледі. Ғимараттың алдында келушілердің әлеуметтік қашықтықты сақтау үшін арнайы таңбалар сызылған. Коронавирус инфекциясын жұқтыру қаупі әлі жойылған жоқ, бұл шаралардың барлығы алматылықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданған.