• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 25 Мамыр, 2020

Майк Тайсонға 20 миллион доллар ұсынды

463 рет
көрсетілді

Осыдан біраз уақыт бұрын АҚШ-тың даңқты кәсіпқой боксшысы Майк Тайсон қазір де бабында екенін алға тарта отырып, қандай мықтымен болса да, ережесіз жекпе-жекке де шығу даяр екенін жария еткен болатын. 

 

 

Жоғарыдағыдай жаңалықты естіген бетте Майк Тайсонға түрлі ұсыныстар түсе бастады. Мәселен, Bare Knuckle Fighting Championship ұйымы әйгілі боксшыға 20 миллион АҚШ долларын ұсынып отыр. Ол үшін кәсіпқой бокстың көкжалы ережесіз жекпе-жектің хас шебері Вандерлей Силвамен күш сынасуға тиіс.

 44 жастағы Бразилияның Куритиба қаласының тумасы Вандерлей Силва спорттық карьерасын муай-тайдан бастаған. Одан кейін ережесіз жекпе-жекпен шұғылданып, көптеген белді нұсқалар бойынша чемпиондық атаққа қол жеткізді. Әр жылдары Дэн Хендерсон, Кадзуси Сукубара, Хидэхико Есида, Майкл Биспинг, Кунг Ле және тағы басқа мықтыларды ұтты. Барлығы 50 кездесу өткізген Силва 35 рет жеңіске жетті.