Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккен ер адам есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкері Ербұлан Сейдазым.
«Ербұлан Сейдазым планшетпен өтіп жатқан көліктерді тексеріп тұрған. BMW жүргізушісі бетонға соғылғанда, плиталардың бірі ұшып қызметкерге тиген. Тағы бір болжам бойынша, жүргізуші бірінші Ербұланды қағып, содан кейін, полиция көлімен соқтығысқан. Қызметкерге қатысты бірнеше болжам бар. Тергеу және экспретиза кезінде бәрі белгілі болады», - делінген хабарламада.
Қазіргі таңда ол №7 қалалық клиникалық ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы өте ауыр деп бағалануда.