Қызылордада нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметті үйлестіру жөніндегі облыстық ведомствоаралық штабы мен ОПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес мектеп оқушылары арасында онлайн сайыс өтті.
Жастар, балалар мен жасөспірімдер арасында есірткінің зиянын түсіндіріп, оларды саламатты өмір салтын ұстануға шақырған сайысқа қатысушылар ән, би, қолөнер бұйымдары мен суреттері арқылы жат әдетке қарсы насихат шараларына үн қосты.
Комиссия шешіміне байланысты Шиелі ауданындағы №48 мектеп – лицей оқушылары бірінші, ал Қазалыдағы №94 орта мектептен қатысқан екі топ екінші және үшінші орындарды иеленді.