• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 26 Мамыр, 2020

Теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігіне қайшы 265 оқиға анықталды

528 рет
көрсетілді

2020 жылдың І тоқсанының қорытындысы бойынша теміржол көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін бұзудың 265 оқиғасы орын алды, оның ішінде 2 апат, 65 жағдай және 198 оқиға тіркелген. Бұл туралы Көлік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Көліктік бақылау органдары осы кезеңде өз қызметін теміржол көлігінде жүзеге асыратын 25 кәсіпорынға тексеру жүргізді, оның ішінде 1 800 шақырымнан астам магистральдық, станциялық, кірме жолдарды және 409 бірлік жылжымалы құрамды тексерді. Тексеру барысында теміржол көлігіндегі қызметті реттейтін нормативтік-құқықтық актілер талаптарының 37 бұзушылық анықталды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндіретін анықталған бұзушылықтар бойынша 50 бірлік жылжымалы құрамды, 6 теміржол және бағыттамалы бұрмаларды пайдалану тоқтатылды. Көліктік бақылау органдарымен 2020 жылдың І тоқсанында 10,5 млн астам теңге айыппұл өндірілді. Аумақтық көліктік бақылау органдары биыл алғашқы үй айда 250 жолаушылар пойызын жолаушыларды тасымалдау ережесі талаптарына сәйкестігін тексеріп, 156 билетсіз жолаушы және 2 125 кг рәсімделмеген жүк тасымалданғаны анықталды», - делінген хабарламада.