• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Саясат 26 Мамыр, 2020

Қазақстан мен Моңғолия ратификациялау грамоталармен алмасты

186 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев пен Моңғолияның Қазақстандағы Елшісі Луасан Баттулга 2018 жылғы 29 наурызда Қазақстанның елордасында жасалған Қазақстан Республикасы мен Моңғолия арасындағы Сотталған адамдарды беру туралы шартты ратификациялау туралы грамоталармен алмасты. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осы Шарттың 21-бабының 1-тармағына сәйкес, ол ратификациялау грамоталарымен алмасқан күннен бастап отыз күннен кейін күшіне енеді.

Іс-шара аясында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылап, COVID-19 індеті төңірегіндегі ахуал тұрақталғаннан кейін бірқатар маңызды іс-шараларды өткізуге уағдаласты.