• RUB:
    4.75
  • USD:
    441.44
  • EUR:
    473.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Мамыр, 2020

Ертең Қызылордада күн күрт ысиды

812 рет
көрсетілді

Бұл туралы облыстық төтенше жағдай департаменті хабарлады. 

Хабарламада «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше 27 мамырда облыста ауа температурасы 44 градусқа көтерілетіндігі ескертілген.

Солтүстік-шығыстан екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 25 метрге жететін жел тұруы ықтимал.

Осыған байланысты төтенше жағдай департаменті облыс тұрғындарын қауіпсіздік шараларын барынша сақтауға шақырады.