• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Өнер 27 Мамыр, 2020

Шайқының домбырасы

318 рет
көрсетілді

Күй өнерінің классигі саналатын Тәттімбеттің немересі Шайқы Мұсатайұлы 1885 жылы Қарқаралы ауданына қарасты Мыржық тауының бауырындағы Мыңбұлақ қыстағында дүниеге келген.

Бұл кісі заманында жаңаша оқыған сауатты адам болыпты. Ел шежіресін жатқа білуімен қа­тар, күй тарихына қатысты мол мағ­­лұматтарды терең меңгерген. Атасы Тәттімбеттің қырықтан ас­там кү­йі­нің қалай шыққаны, оларды кім­дер­дің шерткені туралы Жақ­сым­бет пен әкесі Мұсатайдан жә­не басқа да білетін адамдардан есті­генін жадында берік сақтаған екен.

Шайқы Мұсатайұлы 1892-1897 жылдары Қарқаралы ауылшаруа­шылық мектебінде оқып, білім алыпты. Қарқаралы округіндегі Дастар елінде болыс болған деген де дерек бар.

Тектінің тұқымы 1928 жылы тәркіленіп, Семейге жер аударылған.  Кейінде, яғни 1966 жылы Қарқа­ралыға келген сапарында осы сурет­тегі домбырасын Тәттімбет күй­­лерін насихаттаушы, күй­ші, туыс­­қаны Тұрысбек Тү­сіпбековке беріпті. «Бұл дом­быраны қазіргі уа­қытта ел ас­танасында тұрып жат­қан Тұрысбек күйші 1980 жы­лы Қарқаралы мұра­жайына  тапсырған», дей­ді Қарқаралы тарихи-өлке­тану музейінің кіші ғылыми қызметкері Сәтбек Сламбеков.

Шайқы Мұсатайұлы 87 жасына қараған шағында Аягөз қа­ла­сында қайтыс болған.

 

Қарағанды облысы,

Қарқаралы қаласы