COVID-19 Павлодар қаласының 1978 жылғы, РФ Омбы қаласында вахталық әдіспен жұмыс істейтін тұрғынынан анықталды.
24 мамырда автоөткел арқылы РФ пен ҚР шекарасынан өткен уақытта Железин аудандық ауруханасының жедел жәрдем бригадасы оны облыстық туберкулезге қарсы балалар санаториінің карантиндік стационарына жеткізген. ПТР талдауы бұл азаматтың вирусты жұқтырғанын көрсетті, пациент облыстық балалар ауруханасының жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды. Онымен байланыста болған адамдар анықталып, коронавирусқа тексерілді, нәтижесі — теріс. Вирусты жұқтырған қалған 3 ер адам — Екібастұз қаласының 1992, 1971 және 1969 жылғы тұрғындары. Барлығы коронавирус бұған дейін анықталған адамдармен қарым-қатынаста болған. Эпиданамнезден белгілі болғандай, пациенттерде дене қызуы көтерілген, жөтел, әлсіздік белгілері болған, алайда өздігінен ем алып, медициналық көмекке жүгінбеген. Денсаулықтары нашарлай түскен соң Екібастұз қалалық ауруханасына қаралып, ол жерде коронавирусқа анализ алынып, вирус анықталған соң Екібастұз қаласы ауруханасының жұқпалы аурулар стационарына жіберілді.Сондай-ақ, осы азаматтардың қатарындағы 51 жастағы ер адамның ұзақ жылдар бойы созылмалы бронхитпен ауырғаны анықталды. Анамнезде — жүректің созылмалы ауруы, стенокардия, инсулинге тәуелді қант диабеті. Пациент Екібастұз қаласының медициналық орталығына жүгінген, ол жерде COVID-19 ға тексерілді, осылайша вирусты жұқтырғаны анықталды. Бұл азаматтардың тұрғылықты жері және жұмыс орны бойынша байланыста болуы мүмкін адамдар тобы анықталды. Ауру ошақтарында зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Эпидемияға қарсы шаралар қолға алынған.26 мамырдағы жағдай бойынша Павлодар облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 191 адам тіркелген, олардың ішінде 148-і жазылып шыққан.