• RUB:
    5.4
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    518.99
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2020

Қызылорда облысы: Шиеліде 600-ден астам жұмыс орны ашылады

225 рет
көрсетілді

Облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова жұмыс сапарымен Шиелі ауданында болды. Сапар барысында елді мекендердің тыныс-тіршілігімен,  «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстар барысымен танысты.

Мемлекеттік бағдарлама шеңберінде Шиелі ауданына 3 млрд теңгеден астам қаржы бөлініп, инженерлік-көліктік инфрақұрылым, әлеуметтік-мәдени, тұрғын-үй коммуналдық, абаттандыру бағытында 21 жоба жүзеге асырылуда. Сонымен қатар, 681 жаңа жұмыс орны ашылады.

Өңір басшысы алдымен Сұлутөбе ауылдық округінің 1 Мамыр елді мекеніндегі абаттандыру жұмыстары мен ауыз су жүйесінің жағдайын көрді. Бұл ауылға 58 млн теңге бөлініп, 14 тұрғын жұмыспен қамтылған.  

Мұнан соң облыс әкімі Жөлек елді мекеніне кіре берістегі көпірге күрделі жөндеу және Шиелі кентіндегі жол жөндеу жұмыстарының барысын көрді. Облыс әкімі аудан әкіміне бөлінген қаржыны мақсатты жұмсап, жұмыс сапасына мән беруді тапсырды.

Сапар аясында Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі мәжіліс өтті. Жиында аудан әкімі Қамбарбек Мүбараков атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы баяндап, аймақ басшысы әлеуметтік-экономикалық саладағы көрсеткіштерді арттыру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Аудан экономикасы дамуының үстіміздегі жылдың 4 айының қорытындысы бойынша негізгі макрокөрсеткіштердің 4-уі, атап айтсақ, ауыл шаруашылығы 0,2%, инвестиция 74%, құрылыс жұмысы көлемі мен тұрғын үй құрылысы 15,3% төмендеп, меже орындалмаған. Әлеуметтік сала, оның ішінде денсаулық сақтау саласында да кемшіліктер бар. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша бірқатар мәселелер көтерілді. Аталған кемшіліктерді жою бағытында ауқымды жұмыс атқару қажет. Біздің басты бағытымыз тұрғындардың әл-ауқатын көтеру, - деді облыс әкімі.

Мәжілістен  кейін аймақ басшысы Шиелі кентіндегі жылыжайдың, «РУ-6» кен басқармасының «Қарамұрын» өндіріс орнының, «Ару ана» шұбат цехының, пластмасса құбырларын шығаратын зауыттың, «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС-нің жұмысын көрді.  Шиелі кентіндегі үш қабатты 18 пәтерлі тұрғын үй құрылысы менн Ақмая ауылындағы егіс алқабында аудандағы дала жұмыстарының барысымен танысты. Бұл егіс алқапта 370 гектар жерге күздік бидай егілген және жаңа цифрлық технологиялар пайдалануда.