• RUB:
    5.43
  • USD:
    477.03
  • EUR:
    521.44
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Мамыр, 2020

Шахмат: Карлсен мен Накамура жартылай финалға шықты

143 рет
көрсетілді

Бұл күндері шахматтан өтіп жатқан Lindores Abbey Rapid Challenge онлайн-турнирінің жартылай финалына шыққан ойыншылар анықталуда.

Үш тәулікке созылған ширек финалдық сайыстардың нәтижесі бойынша әлем чемпионы, норвегиялық Магнус Карлсен америкалық Уэсли Соға сан соқтырды. Есеп – 2,5:0,5. Енді ол АҚШ-тың тағы бір өкілі Хикара Накамурамен кездеседі. Ал Накамура өз кезегінде армениялық Левон Арояннан айласын асырған еді – 3:1.

 Ал Ресейдің қос мықтысы – Сергей Карякин мен Даниил Дубов және Қытайдың қос қыраны – Дин Лижэнь мен Юй Янъи арасындағы бәсекелерде әзірге тең есеп сақталуда. Осы шахматышлар арасынан кімнің асығы алшысынан түсетіні бүгін белгілі болады.