• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2020

Қызылорда: «Қауіпсіз жол» шарасында 1555 рет ереже бұзылғаны анықталды

386 рет
көрсетілді

Облыстық Полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бектөре Сұлтанның бастамасымен жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмаудың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Шара аясында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу жағдайларын анықтау, автокөлік жүргізушілерінің жаяу жүргіншілерге жол бермеу деректерінің алдын алу, профилактикалық бағыттағы жұмыстарды барынша жандандыруға бағытталған бірқатар рейд ұйымдастырылды. 

Іс-шара барысында жол қозғалысы ережесін бұзудың 1555дерегі анықталды. Қала төңірегінде өрескел құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында Жергілікті полиция қызметі басқармасының аппарат қызметкерлерімен қосымша мобильдік топтар құрылып, олар әкімшілік құқық бұзушылықтың 25 дерегін тіркеді. Карантиндік режимдегі шектеулерге қарамастан Қызылорда-Нұр-Сұлтан бағытында заңсыз жолаушы тасымалдаумен айналасып жүрген екі азаматқа қатысты тиісті әкімшілік хаттамалар рәсімделіп, қозғалыстарына шектеу қойылды.

         Полиция департаментінің бастығы «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасының алдағы уақытта да жалғасатынын атап өтті.