Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент жанынан Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия құру туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі – Комиссия) мынадай құрамда құрылсын:
МаминАсқар Ұзақбайұлы – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, Комиссия төрағасы
СмайыловӘлихан Асханұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары
ЕрғалиевӘсет Арманұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика бірінші вице-министрі, хатшы
ИсекешевӘсет Өрентайұлы – Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы
ДосаевЕрболат Асқарбекұлы – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы
СклярРоман Васильевич – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
ТоғжановЕралы Лұқпанұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары
ЕсімовАхметжан Смағұлұлы – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
Сүлейменов Тимур Мұратұлы – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары
ӘбілқасымоваМәдина Ерасылқызы – Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы
АймағамбетовАсхат Қанатұлы – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі
АтамқұловБейбіт Бәкірұлы – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
БіртановЕлжан Амантайұлы – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі
ДәленовРуслан Ерболатұлы – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
ЖамаубаевЕрұлан Кенжебекұлы – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
ЖұмағалиевАсқар Қуанышұлы – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
МырзағалиевМағзұм Маратұлы – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі
Ноғаев Нұрлан Асқарұлы – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі
НұрымбетовБіржан Бидайбекұлы – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
ОмаровСапархан Кесікбайұлы – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі
СұлтановБақыт Тұрлыханұлы – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрі
ПерепечинаОльга Владимировна – Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (келісім бойынша)
СабильяновНұртай Салихұлы – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (келісім бойынша)
Жүрсінов Рустам Манарбекұлы – Қазақстан кәсіпкерлерінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл (келісім бойынша)
КелімбетовҚайрат Нематұлы – «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы (келісім бойынша)
МырзахметовАбылай Исабекұлы – «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
2. Комиссия жаңа экономикалық ахуал жағдайында экономикалық өсуді қалпына келтіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдасын.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 27 мамыр
№ 340