• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Коронавирус 28 Мамыр, 2020

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 9500-ден асты

581 рет
көрсетілді

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия елімізде тағы 272 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлады.

Қазақстанда өткен тәулікте 272 адам коронавирус індетімен ауырғаны белгілі болды, өсім 2,9% құрады.Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 56 (3,2%), Қарағанды облысы - 49 (7,0%), Алматы қаласы - 25 (1,1%), Ақтөбе облысы - 22 (7,8%), Батыс Қазақстан облысы - 21 (4,4%), Қызылорда облысы - 20 (6,6%), Шымкент қаласы - 17 (2,4%), Түркістан облысы - 17 (5,0%), Атырау облысы - 15 (1,6%), Алматы облысы - 14 (4,6%), Қостанай облысы - 5 (3,8%), Жамбыл облысы - 4 (1,1%), Ақмола облысы - 2 (1,4%), Солтүстік Қазақстан облысы - 2 (4,1%), Шығыс Қазақстан облысы - 1 (1,4%), Маңғыстау облысы - 1 (0,6%), Павлодар облысы - 1 (0,5%).

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 9576.