• RUB:
    4.82
  • USD:
    439.43
  • EUR:
    473.31
Басты сайтқа өту
Аймақтар 28 Мамыр, 2020

Қызылорда облысында кент көшелері жөнделіп жатыр

359 рет
көрсетілді

Қызылорда облысындағы Қазалы ауданы орталығы Әйтеке би кентінде биыл Жанқожа батыр, М.Ғабдуллин, Қ.Сәтбаев, Р.Бағланова көшелеріне қайта жаңғырту, Ә.Тыныбаев, Желтоқсан, Төле би, Т.Әубәкіров, С.Сейфуллин, Ж.Шерипов, Ж.Ақбаев, Ә.Молдағұлова, Н.Жәлімбетов, Сырым батыр, Біржан сал, Б.Нұрпейісов көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 

Қазір жергілікті «Қазалы Жолшы» ЖШС жұмысшылары Жанқожа батыр көшесін жөндеуге кірісті.  Ол үшін аудандық бюджеттен 102,2 млн теңге қаржы бөлінген. Жолшылар осы күні көшенің бұзылған учаскелеріндегі асфальт қабатын қырып жатыр. Мұнан соң қиыршық тас пен гравилі құм қоспасы араласқан материал төсеп, 2 қабатты асфальт салуды бастайды.   

Ауданда жол жөндеу мәселесі күн тәртібінен түскен емес. Мәселен өткен жылы Әйтеке би кентінде Жалаңтөс батыр, С.Сүлейменов, Жетес би, Мағзаман әулие және Ж.Аймауытов сияқты 5 көше жөндеуден өтті.