• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Білім 28 Мамыр, 2020

Колледж бен балабақша педагогтары да үстемеақы ала алады

703 рет
көрсетілді

Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов хабарлады. Мектеп педагогтарындағы үстемеақы қосу тәртібі енді колледж бен балабақша педагогтарына да қолданылады. 

Біз бүгін педагогтарға арналған тестілеудің онлайн режімде өтетінін жаздық. Ал тестілеуден бұрынғыдай тек мектеп мұғалімдері ғана емес, колледж бен балабақша педагогтары да өте алады. 

Өйткені министр жақында:

«Педагог мәртебесі туралы» заң аясында биылғы қыркүйек айынан бастап әріптестерімізге үстемеақы алу мүмкіндігі туып отыр. Ол үшін жаз айында тестілеуді, жалпы аттестаттау рәсімін өткізіп алуымыз керек. Болжам бойынша 100 мыңдаған әріптесіміз осы тестілеуге қатысады деп отырмыз. Әрине, біреуі өтеді, біреуі өте алмайды. Қалай десек те, біз ондай мүмкіндікті беруіміз керек. Қыркүйектен бастап аттестаттаудан өткен әріптестеріміз үстемеақы алуы тиіс», деген еді. 

Иә, педагогтар жалақысына қосымша 50 пайызға дейінгі үстемеақы алу үшін Ұлттық біліктілік тестілеуден керек. 

Еске сала кетерлігі, тестілеуді тек ұстаздар ғана емес, сонымен қатар білім беру орталықтарының қызметкерлері де тапсыра алады. Яғни Ұлттық біліктілік тестілеу мектептердегі мұғалімдердің ғана емес, әдіскерлердің, мектепке дейінгі, қосымша білім беру ұйымдардың, ТжКБ оқытушыларының және білім беру ұйымдары басшыларының да жалақысын көтеруге мүмкіндік береді.