• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
Қоғам 28 Мамыр, 2020

Қызылорда облысының 2019 жылғы цифрландыру барысы талқыланды

196 рет
көрсетілді

2020 жылдың 28 мамырында Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жұмағалиев Асқар Қуанышұлы Қызылорда облысын цифрлардыру барысы мен «ақылды қалалар» эталондық стандартын жүзеге асыру бойынша аймақта атқарылып жатқан жұмыстарды және орталық атқарушы органдар тарапынан шешуді қажет ететін мәселелерді талқылау мақсатында бейнеконференц байланысы арқылы жиналыс өткізді.

Жиналысқа Қызылорда облысының әкімі Г.Н. Әбдіқалықова, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрлері, Ішкі істер, Ауыл шаруашылығы министрліктерінің өкілдері және «Зерде» Холдингі», Азаматтарға арналған үкімет, облыстық әкімдіктің құрылымдық басшылары қатысты.

Жиын барысында аймақтағы цифрландырудың барысы туралы облыс әкімі Г. Әбдіқалықова сөз алып, «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан жобарларға тоқталып, оның ішінде республика бойынша алғаш болып Қызылордада жүзеге асырылған 112-Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметін атап өтті.

Онымен қоса, денсаулық саласында кешенді медициналық жүйемен қатар жергілікті медициналық ұйымдарда PACS жүйесін енгізу жұмыстары қолға алынғандығын, адамның денсаулығының негізгі көрсеткіштерін бақылауға арналған құрылғыларды енгізу жоспарланғанын атап өтті.

Одан әрі аймақты цифрландырудың 11 бағыты бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларды облыс әкімінің орынбасары Н.Ш. Тілешев баяндады. Атап айтқанда, қалалық коммуналдық қызметтердің сапасын арттыру мақсатында енгізілген 109-Бірыңғай байланыс орталығының қызметі, қауіпсіздік саласында зияткерлік жылдамдық өлшеуіштерін орнату жұмыстары, электронды билеттеу жүйесін енгізу барысы айтылды. Жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін қызметтердің 105-і (61,7%) электронды форматта, қаладағы 300 көп қабатты үй (38%) E-КСК қосымшасына енгізілген. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың шілде айынан бастап көлік саласында электронды билеттеу, диспетчерлеу жүйелері және аялдамаларда ақпараттық табло іске қосылатын болады.

Өз кезегінде «Зерде» Ұлттық инфокомуникациялық холдингі» АҚ басшысы А.Анисимов «Ақылды қала» эталонының стандарттарына сәйкес білім, қауіпсіздік, көлік, қаланы басқару және т.б. бағыттарын жүзеге асыруға Холдингтің әзірлеген ұсыныстарына тоқталды.

Атап айтсақ «Ақылды қала» эталон стандартының білім бағыты бойынша аймақта білім берудің барлық кезеңдерінде (мектепке дейінгі, орта, жоғары) жүйелерді одан әрі дамыту жоспарларын әзірлеу, денсаулық сақтау бағыты бойынша қалалық деңгейден төмен электрондық денсаулық паспорттарын толтыруды қамтамасыз ету, Қауіпсіздік бағытында жедел  әрекетету орталықтарын модернизациялау, қоғамдық және жол қауіпсіздігін қамтуды кеңейтуді қамтамасыз етіу және тұрғын үй, әлеуметтік сала ұсыныстар.

Жиын соңында, А.Жұмағалиев аймақтың цифрландыру бойынша жүргізілген жұмыстарына оң баға беріп, аймақта электрондық мемлекеттік қызметті алу бойынша халық арасында насихат жұмысын жүргізуді, басқада цифрландыру салаларында отандық цифрлық шешімдерді пайдалану  және басқада бірқатар тапсырмалар берді.