• RUB:
    4.85
  • USD:
    444.14
  • EUR:
    477.05
Басты сайтқа өту
Аймақтар 29 Мамыр, 2020

«Қазақстанның үздік студенті - 2020» байқауының жеңімпазы анықталды

722 рет
көрсетілді

Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті Малика Баудинова доцент Әсел Акпаеваның жетекшілігімен өткен «Қазақстанның үздік студенті-2020» халықаралық байқауына қатысты.

Байқау «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының және ҚР Білім Министрлігінің қолдауымен өтті.

Ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен іріктеу кезеңінде Малика Баудинова байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болған еді. Ал мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты рәсімі жоспарланған байқау нәтижесі бойынша  Малика І дәрежелі диплом мен медаль алды. Жеңімпаз есімі «Қазақстанның үздік студенті-2020» халықаралық байқауының жинағында жарық көретін болады.