«Филип Моррис Қазақстан» компаниясы (ФМҚ) тұрақты даму туралы кезекті есебін шығарды, онда компанияның өз бизнесіне деген көзқарасы және оны неғұрлым тұрақты және жауапты етуге мүмкіндік беретін шаралар көрсетілген.
Есепте компания қызметінің нәтижелері, сондай-ақ оның персоналды дамытудағы тәжірибесі, экологиялық және әлеуметтік саладағы қызметі және өз уақытында Біріккен Ұлттар Ұйымы айқындаған Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу жөніндегі тікелей жұмысы көрсетілген. «Филип Моррис Интернэшнл» компаниясы БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын іске асыруды көздейді, бұл компания басшылығы мен акционерлерінің пікірінше, бизнес дамитын қоғам үшін де, компанияның өзі үшін де маңызды. Бұл есеп 2019 жылдың қорытындысы бойынша жасалды және қоғаммен мүдделі диалог пен ақпараттық ашықтықтың жалғасы болып табылады, осының бастамасы ретінде компания 2018 жылы тұрақты даму туралы өзінің алғашқы есебін ұсынды. – Біз тұрақты даму жөніндегі компаниядағы күш-жігеріміздің негізіне өнімді орналастырдық. Жүз жылдан астам уақыт бойы «Филип Моррис» темекі шығарады. Бірақ бірнеше жыл бұрын «Филип Моррис Интернэшнл» бас компаниясы өзі үшін маңызды шешімді қабылдады, ол –қоғамның темекіге қарағанда зияны аз балама туралы сұрауына жауап ретінде өз өнімі мен бизнесін трансформациялауы. Бүгінгі таңда компания әлемді темекі түтінінен босатуды негізгі міндет ретінде санайды. Шылым шегудің денсаулыққа зиянын ескере отырып, бүгінде «Филип Моррис» темекі тартудың ең оңтайлы баламасы саналатын түтінсіз өнімдердің негізінде болашақты жасауда, – деп атап өтті «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС басқарушы директоры Хуан Карлос Эскобар. БҰҰ 2015 жылдың соңында тұрақты дамудың 17 мақсатын қабылдады және олар кәсіпорындарды тұрақты даму проблемаларын шешу үшін шығармашылық тәсіл мен инновацияларды қолдануға тікелей шақырады. ФМҚ компаниясы өз қызметінде қоғамға барынша пайда әкелетін даму мақсаттарын таңдады. Олардың қатарында – «Жақсы денсаулық пен әл-ауқат», «Толық және әділ сапалы білім беруді қамтамасыз ету мен оқыту мүмкіндігін көтермелеу», «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», «Тұтыну мен өндірістің ұтымды үлгілеріне көшуді қамтамасыз ету», «Су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану», «Құрлықтың экожүйелерін сақтау», сондай-ақ «Бейбітшілік, сот төрелігі мен тиімді институттар» мақсаттары бар. Компания қызметінің контекстінде осы мақсаттарды іске асыру темекі өнімдерін тұтынудың денсаулыққа әсерін төмендетуді, қоршаған ортаға әсерін азайтуды, адам құқықтары мен еңбек құқықтарын сақтауды, белсенді қайырымдылық және корпоративтік волонтерлік қызметті, заңсыз өнім проблемаларын шешу үшін мемлекеттік және мемлекеттік емес серіктестермен жұмысты білдіреді. Кез келген компанияның тұрақты дамуы оның бизнеске деген жауапкершілігінен басталады. Темекі компаниясы үшін бұл – ең алдымен, өнім тұтынушыларының денсаулығына теріс әсерді төмендету жөніндегі жұмыс. Сондықтан да «Филип Моррис Интернэшнл» (ФМИ) бас компаниясы революциялық трансформация жолына түсті және өршіл мақсатты алға қойды – тұтынушыларға дәстүрлі темекіге қарағанда зияны аз баламаны ұсыну және темекі түтінінсіз болашақты құру.Соңғы он жыл ішінде ФМИ қыздырылатын темекі бұйымдарынан және құрамында темекі жоқ өнімдерден тұратын түтінсіз өнімдердің сұрыптамасын әзірлеуге, ғылыми зерттеулерге, өндіруге және коммерцияландыруға 7 млрд. астам АҚШ долларын инвестициялады. Алғашқы осындай өнім Қазақстанда 2016 жылы ұсынылған IQOS темекіні қыздырудың электр жүйесі болды. 2019 жылдың соңына қарай 9,7 миллионнан астам кәмелетке толған темекі шегушілер шылым шегуден бас тартып, IQOS-ты пайдаланды. Компанияның қоршаған ортаны қорғау ісіне қосқан үлесі бірден бірнеше бағыт бойынша жүзеге асырылды. Бұл атмосфераға ластаушы заттардың шығарылуын азайту, суды ұтымды пайдалану, қалдықтардың түзілуі мен қайта өңделуін төмендетумен жұмыс істеу және басқа да бастамалар есебінен қоршаған ортаға әсерді төмендету. Тек өткен, 2019 жылы компания офистік үй-жайда ақылды жарықтандыру жүйесін енгізу, суды жылыту үшін күн панелдерін орнату, өндірістік ғимараттың жылы оқшаулануы сияқты шараларды қабылдады. Осының барлығы өндірістік қызметке байланысты көміртегі шығарындыларын екі еседен астам қысқартуға мүмкіндік берді. Қалдықтарды қайта өңдеуде да елеулі табыстарға қол жеткізілді – фабрика қалдықтарының 90%-ға жуығы одан әрі өңдеуге жұмсалады. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы жетістіктер еленді – ФМҚ 2019 жылы «Экологияға үлес» номинациясы бойынша «Парыз» мемлекеттік марапатына ие болды. «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу» мақсатына қол жеткізу аясында «Филип Моррис Қазақстан» компаниясында қызметкерлердің атқаратын лауазымына, жынысына, ұлтына және басқа да факторларына қарамастан еңбек пен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасалуда. Жаңа қызметкерлерді қызметке қабылдау кезінде негізгі критерий кәсіби мүмкіндіктер мен жетістіктер болып қала береді. Осы қағидаттарды қатаң ұстануды өткен жылы Equal Salary Foundation және PwC тарапынан халықаралық аудит растады, оның қорытындысы бойынша ФМҚ қазақстандық компаниялардың ішінде бірінші болып Equal Salary сертификатының иегері атанды. Компания өз қызметкерлеріне ғана емес, Алматы облысында және одан тыс жерлерде бірқатар табысты әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыра отырып, жергілікті қоғамдастықтардың дамуына маңызды үлес қосады. Олардың арасында Еңбекшіқазақ ауданының фермерлерімен көпшілікке жақсы таныс «Шелек фермерлері» жобасы бар. Ал Іле ауданында ФМҚ ерекше қажеттіліктері бар адамдарға кәсіби білім алуға көмектеседі. 2019 жылы осы әлеуметтік бағдарламаның серіктесі «Прогресс» Политехникалық колледжі ересек жастағы оқушыларды 10-шы рет қабылдады.
2020 жылы «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы коронавирус пандемиясының мемлекет, бизнес және қоғам алдына қойған сын-қатерлеріне қарамастан, орнықты даму қағидаттарын толығымен ұстануды және жоспарланған бағдарламаларды іске асыруды көздеп отыр.