Соңғы тәулікте Қызылорда облысында тағы 23 адамның індет жұқтырғаны анықталып, олардың жалпы саны 380-ге жетті. Осының ішінде 233 науқас сауығып шыққан. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Әбдісәметов мәлімдеді.
Соңғы тәуліктегі 23 деректің жиырмасы Қызылорда қаласынан, екеуі Жаңақорған, ьіреуі Арал ауданынан тіркеліп отыр. Олардың 6-ы емхана мен аурухана скринингінен, 15 жағдай қарым-қатынас арқылы, ал екі жағдай өз еркімен ақылы сынама тапсыруда анықталған,-деді облыстың бас дәрігері.