Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында адам капиталын дамытуға арналған бірқатар маңызды мәселені қозғады. Соған байланысты нақты тапсырмалар берді. Мұндай формат елімізде қоғамдық диалогтың ұлттық моделі қалыптасып келе жатқанын көрсетеді.
Отырыс барысында Ұлттық кеңес мүшелері де құнды пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.
Әлем қазіргі таңда жұқпалы індетпен күресте биологиялық қауіпсіздік мәселесіне айрықша мән беріп отыр. Президент осыған байланысты еліміздің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заң қабылдау керек екенін атап өтті. Медицина, білім беру салаларында да бірқатар түбегейлі реформаларды іске асыру қажеттігі туындап отырғанын айтты. Сондықтан Мемлекет басшысының бүгінгі ұсыныстарын заман талабына сай деп есептеймін.
Айгүл ҚАПБАРОВА,
Парламент Сенатының депутаты