Арал ауданында эпидемиологиялық ахуал күрделі болып тұр. Соңғы тәулікте 17 аудан тұрғынының вирус жұқтырғаны анықталды.
Қазір 37 науқас аудандық орталық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдауда. Бұған қоса, 114 адам карантиндік стационарға, 144 адам үй карантиніне оқшауландырылды.
Осы орайда, қалыптасқан жағдайды ескере келе Арал ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің №9 қаулысы қабылданды. Жаңа қаулыға сәйкес індеттің таралуын тежеу мақсатында Арал қаласы мен ауданға қарасты Сексеуіл кентіндегі тосқауыл бекеттерінің жұмыстары жалғасатын болды. Сонымен қатар аталған екі аумақта да карантиндік шектеулер енгізілді.