Халықаралық балаларды қорғау күніне орай облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Волонтерлік орталығының мүшелері «Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының тәрбиеленушілерін мерекемен құттықтады.
Волонтерлер «Атамекен» балалар ауылының тұрғындарына медициналық маскалар, антисептиктер және тәттілер сыйға тартты.
Қайырымдылық акциясына облыстық ҚХА Волонтерлер орталығының басшысы Ильдар Гафуров, «Қазақстандағы орыс қауымдастығы» республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда филиалының жетекшісі Владимир Толоконников, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, волонтерлер және «Dalatex» ЖШС өз үлестерін қосты.
«Атамекен» отбасылық үлгідегі балалар ауылының директоры Лиза Скакова облыстық ҚХА еріктілеріне ризашылығын білдірді.