Соңғы күндері Қызылорда облысының аумағында ауа температурасы көтеріліп тұр. «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметінше бүгін 41 градус болды. Десе де, кей жерлерде одан да асып кеткені байқалады.
Ал ертең, яғни 2 маусым күні күндіз Қызылорда облысында 44 градус ыстық күтіледі. «Қазгидромет» РМК филиалының мәліметіне сүйеніп осындай хабар таратқан облыстық төтенше жағдай департаменті осыған байланысты аймақ тұрғындарына сақтық шараларын ұмытпауды ескертеді.