• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Қоғам 01 Маусым, 2020

Елжан Біртанов медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және еріктілерге алғыс айтты

326 рет
көрсетілді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов COVID-19 таралуына жол бермеу жолында еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және еріктілерге алғыс білдірді. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазды.

- Қазақстанда COVID-19 таралуына жол бермеу жолында жан салып еңбек еткен медицина қызметкерлеріне, полицейлерге және еріктілерге ерекше алғыс білдіремін. Сіздер елімізде төтенше жағдай жарияланған алғашқы күннен бастап азаматтардың денсаулығын, қауіпсіздігін күзеттіңіздер. Біз Сіздердің еңбегіңізді бағалаймыз және елдің амандығы үшін үлкен үлес қосқандарыңызды түсінеміз. Сіздердің әрекеттеріңіз – біз үшін ерліктің, батылдық пен ынтымақтың айқын үлгісі! Өздеріңізге және жақындарыңызға зор денсаулық тілеймін! - деп жазды Елжан Біртанов.