• RUB:
    5.52
  • USD:
    475.62
  • EUR:
    519.23
Басты сайтқа өту
Білім 01 Маусым, 2020

Елімізде 1200 қосымша білім беретін ұйым жұмыс істейді

1051 рет
көрсетілді

Қазақстанда 63 мың үйірме мен 1200 қосымша білім беретін ұйым жұмыс істейді.  Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Facebook парақшасында жазды.

«Қазақстанда 63 мың үйірме мен 1200 қосымша білім беретін ұйым жұмыс істейді. Қазір Оқушылар сарайлары, балалар технопарктері, үйірмелер мен өнер мектептері және тағы басқа желісін одан әрі ұлғайту міндеті тұр», деп жазды Асхат Аймағамбетов.

Оның айтуынша, Қарағанды, Көкшетау, Түркістан, Қызылорда және ШҚО сияқты бірнеше өңірде мұндай орталықтардың құрылысы басталған. Ал Алматы қаласында қайта жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Басқа өңірлерде де аталған бағыт бойынша жұмыс атқарылуда.