Қызылорда облысы көлемінде «Қарасора-2020» республикалық арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды.
Құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсірудің алдын алу, героин тасымалымен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топтардың қызметіне тосқауыл қоюға бағытталған шара бес айдан астам уақытқа созылады.
Шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері, «Бүркіт» арнайы жасағы, криминалдық полиция, жергілікті полиция қызметі, кинологиялық қызмет орталығы мамандары қатысады.